Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында 304 келіні (142+162) еңсерді. Бұл нәтиже оған әлем чемпионатының қола жүлдесін сыйлады.
Әлем чемпионы атағын мысырлық Мохамед Абдельради жеңіп алды. Ол қоссайыста 318 келі (143+175) көтерді. Күміс медальді Ливия өкілі Абдулрауф Халифа иеленді. Оның нәтижесі – 305 келі (137+168).
Осылайша Ернұр Мырзахмет Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті әлем чемпионатының жүлдесін салды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған