Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді мен Артем Антроповтың 2026 жылдың соңына дейін қай халықаралық жарыстардың бірінде өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Астаналық зілтемірші 27 қазан мен 8 қараша аралығында Қытайда өтетін әлем чемпионатына немесе 11-20 желтоқсанда Катарда өтетін халықаралық турнирге қатысады деп жоспарланып отыр. Екі жарыс та 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің қатарына кіреді.
Артем Антропов Қытайда өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Осыған байланысты Едіге Емберді мен Артем Антропов 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатыспайды.
Айта кетейік, Едіге Емберді әлемдік ауыр атлетиканың болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшыларының бірі саналады.
Фото: ҰОК