Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел намысын қорғайтындар анықталды
1-10 сәуір аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.
Сәуірдің басында Үндістанның Гандинагар қаласында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан құрлықтық дода өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Ел намысын 8 спортшы қорғайды.
60 кг: Әлішер Тұрғанбай (Түркістан облысы), Азамат Төлеген (Қызылорда облысы)
65 кг: Сайрамкез Ақмолда (Жетісу облысы)
79 кг: Пётр Хребтов (Алматы)
86 кг: Ақерке Байманап (Алматы)
88 кг: Әлібер Рахымберді (Алматы)
110 кг: Сұлтан Мейрам (Алматы)
+110 кг: Санжар Жолтай (Шымкент)
Ұлттық құраманың жетекші спортшыларына тоқталар болсақ, олар қазіргі таңда заң бойынша басымдық берілген халықаралық жарыстарға дайындалуда. Яғни Жапонияда өтетін Азия ойындары, Қытайдағы Әлем чемпионаты және АҚШ-та болатын Олимпиада-2028 бар.
Туризм және спорт министрлігінің шешімі бойынша, Азия чемпионаты енді басымдылыққа ие жарыстар қатарына кірмейді.
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған