Мәзір
Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына әлем чемпиондары қатысады

Сабина Асқарқызы 122 қаралым
Ауыр атлетикадан Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына әлем чемпиондары қатысады

Астана ересектер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметінше, республикалық біріншілік 1–7 желтоқсан күндері «Алатау» спорт сарайында ұйымдастырылады.

Жарысқа ұлттық құраманың бірқатар жетекші спортшылары қатысады. Арасында әлем чемпиондары Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов, сондай-ақ Азия рекордшысы (U20) Едіге Емберді бар.

Айта кетсек, медальдар жеке жаттығулар нәтижесі бойынша үлестіріледі.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар