457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарында топ жаруды көздейді

Спортшының айтуынша, биылғы жыл оның мансабындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды.

 

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нұрғиса Әділетұлы 2025 жылғы маусымды сәтті аяқтап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Спортшының айтуынша, биылғы жыл оның мансабындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды.

«Бұл маусымды “алтынның жылы” деп атауға болады. Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш алтын алдым, Қазақстан чемпионатында да үш мәрте жеңіске жеттім», - деді ол.

Спортшының әлем чемпионатына қатыспауына да нақты себеп бар. Оның сөзінше, бұл жарыс Олимпиада жолдамасына әсер етпегендіктен, алдағы ірі бәсекелерге күш сақтау маңызды болған.

«Алда Азия ойындары сияқты үлкен сын тұр. Жаттықтырушыммен ақылдаса отырып, жарақаттың алдын алу үшін тәуекелге бармадық. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында бар күшімді саламын», - деді ауыр атлет.

Нұрғиса Әділетұлы иық жарақатына байланысты ота жасатып, қазір толықтай емделу кезеңінен өткенін айтты. Сонымен қатар ол Азия ойындарынан бастап 95 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететінін мәлімдеді. Алдағы маусымдағы негізгі дайындық толығымен 2026 жылғы Азия ойындарына бағытталады. Спортшы үшін бұл жарыстың орны бөлек.

«Қазіргі таңда Азия және әлем чемпионаттарының, Ислам ойындарының жеңімпазымын. Ендігі үлкен арманым – Азия ойындарының чемпионы атану», - деді ол.

Фото: ҰОК