Ауыр атлет Алмас Өтешов Қызылорда облысы құрамасын жаттықтырады
Алмас Өтешов ауыр атлетикадан Қызылорда облысы ересектер құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың спортшының қызметке тағайындалуына қатысты бұйрығы шыққан.
Алмас Өтешов ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атаyған.
Қазірге дейін ол басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер, «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.
Тәжірибелі маман енді облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға күш салмақ. Сондай-ақ спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына, жалпы нәтижесіне жауапты болады.
Бұған дейін бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.
Фото: gettyimages
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған