457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жағажай волейболынан әлем чемпионатындағы қарсыластарымыз белгілі болды

Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қазақстан намысын бұл жарыста екі жұп қорғайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш өнер көрсетеді. Қазақстандық дуэт «Е» тобына түсіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларына қарсы ойнайды.

Қыздар арасындағы додада ел намысын Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет қорғайды. Олар «G» тобында Латвия, Венесуэла және Канада командаларымен кездеседі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 шілдеге дейін жалғасады. Турнирде әлемнің үздік жас жағажай волейболшылары чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

 

Фото: ҰОК