Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатын сәтсіз бастады
Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.
Топтық кезеңнің бірінші турында Қазақстан құрамасы Индонезиямен кездесіп, үш сетте де қарсыласына жол берді – 22:25, 22:25, 23:25. Осылайша матч Индонезияның 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Үш сетте де тартысты ойын болды
Қазақстандық волейболшылар әр партияда қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. Алайда шешуші сәттерде Индонезия құрамасы сәтті ойнап, барлық үш сетті өз пайдасына аяқтады.
Бірінші турдан кейін Қазақстан B тобында үшінші орында тұр. Алғашқы екі орынды үш ұпайдан жинаған Индонезия мен Таиланд құрамалары иеленіп отыр.
Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчын 23 тамызда Австралияға қарсы өткізеді.
Ал 25 тамызда қазақстандық волейболшылар топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Таиланд құрамасымен сынға түседі.
Азия чемпионатының ширек финалына топтық кезең қорытындысы бойынша үздік сегіз құрама жолдама алады. Командалардың турнир кестесіндегі орны алдымен жеңістер санына қарай анықталады. Одан кейін жинаған ұпайы, жеңген және жеңілген партияларының арақатынасы, сондай-ақ доп айырмасы есепке алынады.
Фото: asianvolleyball.com
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған