Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы В тобына түсті. Ұлттық команда топтық кезеңде Таиланд, Индонезия және Аустралия құрамаларымен кездеседі.
Азия чемпионатының топтары төмендегідей жасақталды:
А тобы: Қытай, Тайбэй, Иран, Ирак.
В тобы: Таиланд, Индонезия, Қазақстан, Аустралия.
С тобы: Жапония, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Гонконг.
Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 21-30 тамыз аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.
Фото: ҰОК