Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
В тобындағы екінші матчта Асқар Шалқыбеков шәкірттері Аустралия құрамасымен кездесіп, сенімді ойын көрсетті.
Кеше Индонезияға 0:3 есебімен жол берген қазақстандық волейболшылар бұл жолы үш партияда да басым болды. Бірінші сет 25:21 есебімен аяқталса, кейінгі екі партияда Қазақстан құрамасы 25:18 және 25:21 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, кездесу 3:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Бұл жеңістің арқасында ұлттық құрама турнирдегі алғашқы үш ұпайын еншіледі. Енді Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын 25 тамызда қазіргі Азия чемпионы Таиландқа қарсы өткізеді.
Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша үш топтан үздік шыққан сегіз құрама ширек финалға жолдама алады.
Фото: ҚВФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған