457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан волейболшылары Таиландқа есе жіберді

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті.

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнер көрсетуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті. Бұл ойында қарсыластар 3:1 (25:22, 25:16, 23:25, 25:11) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралияны жеңіп, бір рет жеңіске жетті. Ал Таиланд пен Индонезия құрамаларына есе жіберді.

Азия чемпионатының ширек финалына әр топтан үздік екі команда жолдама алады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы B тобында екінші орында тұр. Алайда командалардың қорытынды орны 26 тамызда өтетін Индонезия мен Аустралия құрамалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

Фото: ҚР ҰОК 

Ең көп оқылған