Таиландта өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболдан Азия чемпионатында ширек финалдық кездесулер аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы жартылай финал жолдамасы үшін Оңтүстік Кореямен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді.
Матчтың алғашқы партиясы аса тартысты өтті. Қазақстандық волейболшылар 24:19 есебімен алда тұрғанымен, бес бірдей сетболды пайдалана алмай, нәтижесінде 24:26 есебімен қарсыласына жол берді.
Екінші сетте Оңтүстік Корея құрамасы 25:19 есебімен басым түсті.
Үшінші партияда Владимир Аниконов шәкірттері мінез танытып, 25:21 есебімен жеңіске жетті. Алайда төртінші сетте кореялықтар қайта басымдық танытып, 25:16 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Қазақстанның U18 қыздар құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмай, жүлде үшін күресті жалғастыра алмайды.
Фото: ҚВФ