457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Волейболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады

Таиландтың Накхонратчасима қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Гонконг командасын айқын басымдықпен жеңді.

Владимир Аниконов жаттықтыратын қазақстандық волейболшылар В тобындағы алғашқы кездесуінде қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 3:0 (25:3, 25:23, 25:15) есебімен жеңіске жетті.

Әсіресе алғашқы партияда Қазақстан құрамасы толық басымдық танытып, қарсыласына небәрі үш ұпай ғана сыйлады. Кейінгі екі сетте де қазақстандық қыздар ойын тізгінін өз қолында ұстап, матчты сенімді түрде аяқтады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі кездесуін 2 шілде күні Қырғызстанға қарсы өткізеді. Ал 3 шілдеде қазақстандық волейболшылар Қытай құрамасымен күш сынасады.

Айта кетейік, 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты 7 шілдеге дейін жалғасады. Турнир қорытындысында құрлық чемпионы анықталады.

 

Фото: volleyfederationkz