Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогында жүлдесіз қалды
Филиппинде өткен әйелдер арасындағы волейболдан AVC Nations Cup турнирінде Қазақстан құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Вьетнамға жол берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үшінші орын үшін болған кездесуде қазақстандық волейболшылар қарсыласының қарқынына төтеп бере алмады. Вьетнам құрамасы матч бойы басымдық танытып, үш партияда да жеңіске жетті – 25:17, 25:12, 25:19.
Осылайша, Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын Қазақстан құрамасы турнирді төртінші орынмен аяқтап, жүлдеден тыс қалды.
Бір қызығы, топтық кезеңде қазақстандықтар дәл осы Вьетнам құрамасын бес партияға созылған тартысты матчта 3:2 есебімен жеңген болатын.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, Гонконгты (3:1), Индонезияны (3:0), Иранды (3:1), Ливанды (3:0) және Вьетнамды (3:2) жеңіп, өз тобында бірінші орын алған еді.
Фото: ҚВФ
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған