Мәзір
Волейбол

Қазақстандық волейболшылар AVC Cup 2026 турнирін бесінші орынмен аяқтады

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Қазақстандық волейболшылар AVC Cup 2026 турнирін бесінші орынмен аяқтады

Қазақстан ерлер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен AVC Cup 2026 турниріндегі соңғы матчында Таиланд құрамасын жеңіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сергей Трикоз жаттықтыратын қазақстандықтар тартысты өткен кездесуде 3:1 (25:21, 25:23, 22:25, 27:25) есебімен басым түсті.

Осылайша, Таиландты жеңген Қазақстан құрамасы AVC Cup 2026 турнирінде бесінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық волейболшылар Жаңа Зеландия құрамасын жеңіп, бесінші орын үшін матчқа жолдама алған болатын.

Еске салсақ, осыған дейін Филиппинде өткен әйелдер арасындағы AVC Cup турнирінде тәжірибелік құраммен өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтаған еді.

 

Фото: ҚВФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар