Қазақстан волейбол құрамасы Орталық Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады
Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы турнир барысында Непал командасын жеңсе, Өзбекстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістанға жол берді.
Нәтижесінде отандастарымыз 5-6 орындар үшін өткен матчта Непал құрамасын 3:0 (25:18, 27:25, 25:20) есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған