Қазақстан волейбол құрамасы Азия кубогында бесінші жеңісіне қол жеткізді
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинде өтіп жатқан 2026 жылғы Азия кубогының топтық кезеңіндегі бесінші ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің барлық кездесулері Филиппиннің Кандон қаласындағы аренада өтуде.
В тобындағы соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасымен кездесті. Тартысты өткен ойын бес партияға созылып, Қазақстан құрамасының 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Партиялар нәтижесі: 18:25, 25:19, 23:25, 25:22, 15:13.
Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі барлық бес кездесуде жеңіске жетіп, мүмкін болған 15 ұпайдың 14-ін еншіледі. Нәтижесінде ұлттық құрама В тобында бірінші орын алып, Азия кубогының жартылай финалына жолдама алды.
Плей-офф кезеңіне Вьетнам құрамасы да шықты. Олар топтық кезеңді екінші орынмен аяқтады.
Қазақстандық волейболшылар турнир барысында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтық додадағы басты жүлдеге үміткер командалардың бірі екенін дәлелдеді.
Фото: ҚР волейбол федерациясы
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған