Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Таиландтың Накхонратчасима қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
В тобындағы кездесуде қазақстандық волейболшылар Қырғызстан құрамасын 3:0 (25:15, 25:16, 25:15) есебімен сенімді жеңіп, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
Осыған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы турда Гонконг командасын да үш сетте жеңген болатын. Екі матчтан кейін ұлттық құрама топтағы көшбасшылардың қатарында келеді.
Енді Владимир Аниконов жетекшілік ететін команда үшін шешуші сынақ алда. Қазақстандық қыздар 3 шілде күні В тобының басты фавориті саналатын Қытай құрамасымен кездеседі. Қытайлықтар алғашқы матчында Қырғызстанды 3:0 есебімен ұтса, бүгін Гонконгпен ойнайды.
Айта кетейік, 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысушы командалар төрт топқа бөлінген. Турнир қорытындысы бойынша үздік құрамалар чемпиондық атақ пен жоғары орындар үшін күресті жалғастырады.
Фото: ҚВФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған