Мәзір
Волейбол

Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатындағы қола жүлде иеленді

Сабина Асқарқызы 51 қаралым
Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатындағы қола жүлде иеленді

Қытайдың Ханчжоу қаласында 10-17 шілде аралығында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға ерлер арасында 16 ұлттық құрама қатысты, деп жазады malimsports.kz. 
Қазақстан құрамасы С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтау арқылы плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Нәтижесінде 1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты.
Ал жартылай финалда қазақстандық команда әлемнің ең мықты командаларының бірі Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар