Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен волейболдан ерлер арасындағы AVC Nations Cup 2026 (Азия кубогы) турнирінде Қазақстан құрамасы бесінші орын үшін өткен матчта Таиландты жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шешуші кездесуде қазақстандық волейболшылар 3:1 есебімен басым түсті. Партиялар нәтижесі - 25:21, 25:23, 22:25, 27:25.
Қазақстан құрамасы сапында ең нәтижелі ойыншы Владислав Мастихин болды. Ол матчта 19 ұпай еншіледі: 15 ұпайды шабуылдан, екі ұпайды блоктан және екі ұпайды эйс арқылы жинады.
Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылғы Азия кубогын бесінші орынмен аяқтап, құрлықтық додадағы үздік бестікке енді.
Фото: Ашық дереккөзден