Қазақстан ерлер құрамасы AVC Ұлттар кубогындағы қарсыластарын білді
Волейболдан Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы Үндістанда өтетін AVC Ұлттар кубогында өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық команда А тобына түсті. Бұл топта Қазақстанмен бірге Бахрейн, Аустралия, Үндістан, Тайбэй және Жаңа Зеландия құрамалары бақ сынайды.
Халықаралық турнир 20–28 маусым аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы жарыстағы алғашқы кездесуін алаң иелері – Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.
AVC Ұлттар кубогы Азия аймағындағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Турнир командаларға халықаралық рейтингтік ұпай жинап, құрлықтағы өз деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынмен аяқтаған еді.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған