Мәзір
Волейбол

Параволейболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 85 қаралым
Параволейболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

1/8 финалда қазақстандық параволейболшылар Польша құрамасымен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.

Бауыржан Тахауов жаттықтыратын команда алғашқы екі партияны бірдей 25:18 есебімен өз пайдасына аяқтады. Үшінші сетте де басымдықты қолдан шығармаған отандастарымыз 25:20 есебімен жеңіске жетіп, матчты 3:0 нәтижесімен қорытындылады.

Айта кетейік, кездесуді Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс арнайы тамашалады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының үздік сегіз командасының қатарына енді.

 

Фото: Қазақстан пара волейбол федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар