Қытайда жасөспірімдер арасында волейболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының жас спортшылары жарысқа дайындық жүргізудің орнына, жататын жай таппай жүр деп жазды «Инсайды волейбол KZ» телеграм-каналы. Бұл туралы malimsports.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің жазуынша, Қазақстан волейбол федерациясының салғырттығынан спортшылардың қонақүй ақысы төленбеген. Салдарынан балалар отельдің фойесінде өмір сүруде.
«Турнир аяқталуға жақын. Ал, біздің болашақ жұлдыздар мүлдем болмауы керек проблемалармен бетпе-бет өздері қалып отыр. Біз осыдан кейін ұлттық құрамадан қалайша нәтиже талап етеміз? Жеңіс - кейдені соғудан емес, өз командаңа құрметтен басталады. Федерация ойыншыларға дұрыс жағдай жасап бере алмай отырып, волейболдың дамуы туралы айтуы - нағыз екіжүзділік», - деп жазылған аталған хабарламада.
Фото: Инсайды волейбол KZ