2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарының волейбол турниріне жеребе тартылып, Қазақстан құрамаларының топтағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан волейбол федерациясының мәліметінше, ерлер құрамасы А тобына түсті. Топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер құрамасы В тобында сынға түседі. Қазақстандық спортшылар Қытай және Филиппин құрамаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы волейбол бәсекесі 16-22 қыркүйек, ал ерлер арасындағы жарыс 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
Фото: ҰОК