Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің финалында өнер көрсетті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Армениялық Алина Чараевамен жұптасқан қазақстандық финалда жарыстың үшінші нөмірлі жұбы – чехиялық Анастасия Детюк пен ресейлік Ирина Хромачевамен кездесті.
Матч екі сетке созылып, чемпиондық тай-брейкте Жібек пен Алинаның жеңілісімен аяқталды – 6:4, 2:6, 5:10.
Теннисшілер кортта 1 сағат 30 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Құламбаева мен оның жұбы эйс жасаған жоқ, бір қос қателік жіберіп, бес брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, 26 жастағы Жібек Құламбаева өз мансабында алғаш рет WTA санатындағы турнирдің финалына шықты. Сонымен қатар ол рейтингке қосымша ұпайлар еншілеп, жаңартылған әлемдік рейтингте 38 сатыға жоғарылайды.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған