Мәзір
Теннис

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің финалына шықты

Сабина Асқарқызы 109 қаралым
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің финалына шықты

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың екінші ракеткасы атанған қазақстандық теннисші жартылай финалда үндістандық Зил Десаимен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті. Алғашқы партия тай-брейкке ұласып, Жібек 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Екінші сетте 6:3 есебімен матчты қорытындылады.

Енді Жібек Құламбаева финалда тағы бір үндістандық теннисші Сонал Патилмен бас жүлдені сарапқа салады.

Сондай-ақ бүгін қазақстандық спортшы ресейлік Екатерина Яшинамен жұптық сында да финалдық матч өткізеді.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар