Жібек Құламбаева Үндістан турнирінде қатарынан 6 матчта жеңіске жетті
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 422-ракеткасы Жібек Құламбаева Аурангабад (Үндістан) қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың 1-ракетка ретінде тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде үндістандық Даника Фернандоны 6:3, 6:0 есебімен жеңді. Енді отандасымыз ширек финалға шығу үшін Саумия Рондемен сынға түседі. Осылайша, қазақстандық спортшы өткен аптада Нагпур додасында жеңіске жеткенін қосқанда, Үндістанда қатарынан 6 матч жеңіспен аяқтады.
Ж.Құламбаева ресейлік Екатерина Яшинамен жұптық сында да бірінші ракетка болып тіркелген. Олар алғашқы кездесуінде үндістандықтар Ааруши Махендра Равал – Самикша Шроф жұбын 6:2, 6:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Ширек финалда Ж.Құламбаева – Е.Яшина жұбы үндістандық Сриманя Редди Анугонда – Даника Фернандо немесе нидерландылық Мелисса Бойден – малайзиялық Эльза Ван жұптарының жеңімпазымен кездеспек.
Фото: ҚТФ
Ең көп оқылған