457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жұптық сынындағы жарысын жартылай финалда аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық спортшы румыниялық Ирина Барэмен бірге өнер көрсетіп, финал жолдамасы үшін Ресей өкілдері Варвара Паншина мен Рада Золотарёвамен кездесті.

Тартысты өткен матчта ресейлік жұп екі сетте басым түсіп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева мен Ирина Барэ бұған дейін бұл қарсыластарымен ресми матчтарда кездескен емес.

Енді турнирдің финалында Варвара Паншина мен Рада Золотарёва Хорватияның Луция Чирич Багарич және Польша өкілі Вероника Фалковска жұбына қарсы ойнайды.

 

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған