Жібек Құламбаева Сербия турнирінде қарсыласын камбэкпен жеңді
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 302-ракеткасы, қытайлық Зонгю Лимен шеберлік байқасты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, бастапқы партияда қытайлық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді - 6:3, 6:0.
Тартысты бәсеке 3 сағатқа жуық уақытқа созылды. Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 215-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, сербиялық Миа Ристичпен таласады.
Қазақстан құрамасының мүшесі Ж.Құламбаева жұптық сында да доданы сәтті бастады. Жібек румыниялық Ирина Барэмен бірге бастапқы кездесуінде сербиялықтар Наталия Сенич - Аня Станковичті қапы қалдырды - 7:6 (8:6), 6:7 (4:7), 10:6. Сөйтіп қазақстандық-румыниялық жұп ширек финалға жолдама алды.
Фото: ҚТФ
ПСЖ УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды
Ең көп оқылған