Жібек Құламбаева Румыниядағы WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жібек армениялық Алина Чараевамен бірге ширек финалда ресейлік Алевтина Ибрагимова мен испаниялық Георгина Гарсия-Перес жұбын екі сетте жеңді – 6:2, 7:5.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Қазақстандық-армениялық жұп бір эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды. Ал қарсыластары үш брейкпен ғана шектелді.
Енді Құламбаева мен Чараева финал жолдамасы үшін турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы ойнайды.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған