Жібек Құламбаева Нидерландтағы турнирдің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Амстелвенде (Нидерланд) өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің екінші айналымына сәтті шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 457-орында тұрған қазақстандық спортшы жарыста 11-нөмірмен тіркеліп, алғашқы кездесуінде бельгиялық Тилвит Ди Гироламиді (WTA №685) екі сетте жеңді – 6:4, 6:2.
Бір сағат 39 минутқа созылған матч барысында Құламбаева қарсыласының төрт геймін брейкпен аяқтап, сенімді ойын өрнегін көрсетті.
Енді ширек финал жолдамасы үшін Жібек әлемнің 365-ракеткасы, испаниялық Мария Тейшидо Гарсия мен Беларусь өкілі Полина Кухаренко (WTA №711) арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.
Сонымен қатар қазақстандық теннисші бүгін жұптық сында да кортқа шығады. Ол бельгиялық Полина Бахмуткинамен бірге турнирдегі алғашқы матчына қатысады.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған