Жібек Құламбаева ITF турнирінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшаның Гданьск қаласында өткен ITF W50 санатындағы турнирдің жұптық сынында финалға дейін жеткенімен, чемпиондық атақты жеңіп ала алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Финалда Жібек Мажарстан өкілі Амарисса Тотпен бірге Польша спортшысы Вероника Фальковска мен Испания өкілі Георгина Гарсия-Перес жұбымен кездесті.
Тартысты өткен матчта қазақстандық-мажарстандық дуэт алғашқы сетті 6:3 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі бөлікте қарсыластарына есе жіберді – 5:7, 9:11.
Чемпион тағдыры шешуші тай-брейкте анықталып, онда Фальковска мен Гарсия-Перес басым түсті.
Егер Жібек Құламбаева бұл кездесуде жеңіске жеткенде, оның мансабындағы жұптық сындағы 41-ші ITF титулы әрі биылғы маусымдағы бесінші чемпиондығы болар еді.
Фото: instagram.com/kulambayevaa
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған