457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жібек Құламбаева Болгариядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Украиналық Валерия Страховамен жұптасқан қазақстандық спортшы жартылай финалда алаң иелері Ралица Александрова мен Валерия Гарневскаға қарсы ойнады.

Кездесудің алғашқы сетінде Құламбаева мен Страхова бірден басымдыққа ие болып, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда да олар ойын тізгінін қолға алғанымен, қарсыластары есепті теңестіре алды. Соған қарамастан, қазақстандық-украиналық жұп шешуші сәтте брейк жасап, матчты 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, жарыстың бірінші ракеткалары саналған Жібек Құламбаева мен Валерия Страхова турнирдің финалына шықты. Енді олар чемпиондық атақ үшін грек теннисшісі Марта Матула мен америкалық Хиба Шайх жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева жекелей сында жарысты ширек финалда аяқтады. Ол турнирдің бірінші ракеткасы, франциялық Селена Яничиевчке екі сетте жол берді.

 

Фото: ҚТФ