457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 115-орынға көтерілді

WTA рейтингісінде жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2-орнын сақтап қалды.

Бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп жазады malimsports.kz.

Қазақпараттың жазуынша, WTA рейтингісінде жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 79-дан 81-ге сырғыды.

Жұптық сында Анна Данилина бұрынғыша 6-орында тұр. 

Өткен аптада Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Жібек Құламбаева жұптық сында 136-дан бірден 115-ке көтерілді. Осылайша, ол ТОП-100-ге жақындап келеді.

Алдыңғы аптада Яссы (Румыния) WTA 250 жарысының финалында ойнаған Ж.Құламбаева 174-тен 136-ға жоғарылаған еді. 

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында ATP рейтингісінде 11-сатыда қалса, Александр Шевченко 84-тен 89-ға төмендеді. 

Көрсеткішін жақсартқан Тимофей Скатов 163-тен 150-ге ауысты. 

Фото: ҚТФ