457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде жоғары сатыға көтерілді

Заңғар Нұрланұлы ТОП-10-ға кіруге жақын тұр.

Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 
Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақын тұр.
Сондай-ақ Дамир Жалғасбай 60-тан 31-ге, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға жайғасты.
Бұлардың үшеуінің де жасы 17-де. З.Нұрланұлы, Д. Жалғасбай, Д. Тазабеков 24 қаңтар - 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Заңғар онда 8-ракетка ретінде тіркелген.

Аустралия ашық чемпионатына дейін үш жас қазақстандық теннисші сол елдегі ITF J300 TRARALGON турнирінде ойнайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Брисбен турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған едік. 

Фото: ҚТФ