457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың ширек финалында сынға түседі 

Тартысты бәсеке екі сағаттан астам уақытта бітті.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 297-ракеткасы Зарина Дияс Такасаки (Жапония) ITF W100 турнирінде екі матчын жеңіспен аяқтады, деп жазады malimsports.kz
Қазақпараттың хабарлауынша, қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 289-ракеткасы,  индонезиялық Приска Маделин Нугрохоны қапы қалдырды – 6:2, 0:6, 6:4.

Тартысты бәсеке екі сағаттан астам уақытта бітті.

Зарина бүгін әлемдік рейтингіде 305-орындағы оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен кортқа шықты. Теннисшілер бұған дейін өзара кездеспеген еді.

Бір сағат 49 минутқа созылған ойын 6:4, 7:6 (8:6) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 181-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен таласады.

З.Дияс қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 283-орынға көтеріліп тұр.

Тағы бір қазақстандық, әлемдік рейтингіде 861-орындағы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 жарысын жеңіспен бастады. Ол бастапқы кездесуінде рейтингіде 1227-сатыдағы нидерландылық Рикке де Конингті жолдан тайдырды – 6:2, 2:6, 6:2.

Аружан екінші айналымда әлемнің 832-ракеткасы, италиялық Маддалена Джорданодан өтуге тырысады.

Фото: ҰОК