Мәзір
Теннис

Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына жолдама жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 109 қаралым
Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына жолдама жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Чэнду қаласында өткен Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша 2026 жылғы Australian Open турниріне арнайы іріктеу додасында жеңіске жетіп, Мельбурнге жолдама алды.

Турнир барысында Зарина тек жергілікті спортшылармен кездесіп, барлық қарсыластарын сенімді түрде ұтты.

• Алғашқы айналымда Яо Синьсиньді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
• Ширек финалда Жан Жунханьды 6:3, 7:5 нәтижесімен жарыстан шеттетті.
• Жартылай финалда Хань Шимен ойнап, бес брейк жасап, матчты 6:1, 6:3 есебімен аяқтады.

Шешуші финалдық кездесуде З.Дияс қытайлық Тайбэйдің өкілі Лян Эньшуомен кортқа шықты. Қазақстандық теннисші қарсыласына еш мүмкіндік бермей, матчты 6:3, 6:4 есебімен аяқтады.

Осылайша Зарина Дияс 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына ресми жолдама иеленді.

Айта кетейік, теннисшінің Мельбурндегі үздік нәтижесі – турнирдің үшінші кезеңіне (2014, 2015, 2020, 2021 жылдары) дейін жетуі.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар