Мәзір
Теннис

Зарина Диас Қытайдағы маңызды турнирдің финалына шықты

Сабина Асқарқызы 66 қаралым
Зарина Диас Қытайдағы маңызды турнирдің финалына шықты

Қытайдың Чэнду қаласында Australian Open–2026 жарысына Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша арнайы іріктеу турнирі жалғасуда.

Қазақстандық теннисші Зарина Диас жартылай финалда қытайлық Хань Шимен кездесті. Зарина бір рет допты өз қосқан геймде ұтылғанымен, кейіннен 5 брейк жасап, матчты 6:1, 6:3 есебімен сенімді аяқтады.

Осылайша, Диас ертең Australian Open-2026 додасына wild card жолдамасы үшін финалда бақ сынайды.

Айта кетейік, бұл турнирде Зарина тек жергілікті спортшылармен ойнап келеді. Алдымен 1/8 финалда Яо Синьсинді – 6:3, 6:4 есебімен ұтса, 1/4 финалда Жан Жунханьді – 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Фото: Instagram.com/zarinadiyas/

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар