Жарақат па? Александр Бублик Монреальдағы «Мастерс» турниріне қатыспайтын болды
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Александр Бублик Канаданың Монреаль қаласында өтетін ATP Masters санатындағы турнирге қатыспайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарысқа қатысушылар тізімінде қазақстандық теннисшінің есімі жоқ. Ұйымдастырушылар оның жарыстан не себепті бас тартқанын нақтыламады. Бубликтің орнына негізгі кезеңде аустралиялық Ринки Хиджиката өнер көрсетеді.
Монреальдағы ATP Masters турнирі 2–13 тамыз аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Португалияның Эшторил қаласында өткен турнирдің финалына дейін жеткен болатын. Алайда шешуші кездесуде франциялық Кентен Алиске екі сетте есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Фото: АТР
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған