Мәзір
Теннис

Заңғар Нұрланұлы Уимблдондағы жорығын жеңіспен бастады

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Заңғар Нұрланұлы Уимблдондағы жорығын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің алғашқы айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Турнирдің сегізінші нөмірлі ойыншысы атанған 18 жастағы қазақстандық алғашқы кезеңде словакиялық Леон Слободамен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Нұрланұлы 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2) есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 28 минутқа созылды. Алғашқы партияда есе жіберген Заңғар кейінгі екі сетте тай-брейкте жеңіске жетіп, камбэк жасады.

Осылайша, қазақстандық теннисші шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Келесі кезеңде ол аустралиялық Дэниел Жовановскимен кездеседі.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар