457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің финалына шықты

ITF Juniors рейтингінде 25-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан J200 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыста қазақстандық теннисші бірінші нөмірлі фаворит ретінде тіркелген болатын. Жартылай финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Сион Жиді 6:1, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңді.

Финалда Заңғар тағы бір корейлік спортшы – Мин Хук Чомен күш сынасады. Айта кетейік, ол жартылай финалда қазақстандық Даниэль Тазабековты тізе бүктірген.

Финалдық кездесу ертең, 5 қазанда өтеді.

 

Фото: ҚТФ