Заңғар Нұрланұлы Аустралиядағы турнирді жеңіспен бастады
17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Australian Open турниріндегі өнерін сенімді жеңіспен бастады.
Жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Заңғар Аустралия ашық чемпионатында 8-ракетка ретінде тіркелген. Сонымен қатар ол ATP рейтингінде 1782-сатыда орналасқан.
Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші жасөспірімдер рейтингінде 42-орында тұрған Таиланд өкілі Кунанан Пантараторнмен кездесті. Матч барысында Заңғар айқын басымдық танытып, қарсыласын екі сетте – 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы 1/16 финалға жолдама алды. Келесі кезеңде ол австралиялық Таики Такидзавой мен америкалық Танишк Кондури арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде Қазақстан атынан тағы екі теннисші бақ сынауда. Даниэль Тазабеков бүгін швейцариялық Флинн Томаспен кортқа шығады. Ал Дамир Жалғасбай ертең Польша өкілі Александр Блашпен кездеседі.
Бұған дейін ересектер арасындағы Australian Open турнирінде қазақстандық теннисші Александр Бублик тарихи нәтижеге қол жеткізгені хабарланған болатын.
Фото: ҚТФ
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған