457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға қосылды

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан Заңғар рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді. 

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ITF Juniors әлемдік рейтингісіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды malimsports.kz
Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан Заңғар рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді. 
Осылайша, Заңғар әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кірді. 
Өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын. Жасөспірімдер арасында екі рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына Қазақстаннан басқа ешкім шыққан емес.
Сөйтіп, WTA, ATP және ITF Juniors рейтингісінде Қазақстанның үш бірдей өкілі ТОП-10-ға енді. Елена Рыбакина үшінші, Александр Бублик 10-ыншы, ал Заңғар 9-сатыда тұр. 

Фото: ҚТФ