Мәзір
Теннис

Юлия Путинцеваның Брисбен турниріндегі қарсыласы анықталды

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Юлия Путинцеваның Брисбен турниріндегі қарсыласы анықталды

Аустралияда теннистен жылдың алғашқы турнирі Брисбен WTA 500 турнирі іріктеу сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, әлемнің 71-інші, іріктеудің 2-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 119-орында тұрған корт иесі Присцилла Хонмен өткізеді. 

Матч 2 қаңтар күні Қазақстан уақытымен сағат 08.00-ге белгіленген. 

Ю.Путинцева аустралиялық теннисшіні жеңген жағдайда әлемнің 70-ракеткасы, хорватиялық Антония Рузич немесе рейтингіде 143-сатыдағы өзбекстандық Мария Тимофееваның біреуімен кездеседі. 

Негізгі жарыс 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Онда турнирдің 2024 жылғы жеңімпазы, әлемнің 5-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина өнер көрсетеді. 

Өткен жылы мұнда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко үздік шыққан болатын. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар