Мәзір
Теннис

Юлия Путинцева тарихта алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
Юлия Путинцева тарихта алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Юлия Путинцева 2026 жылғы Australian Open турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Түркия атынан өнер көрсететін, WTA рейтингінде 112-орында тұрған Зейнеп Сөнмезді 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңді.

Турнирдің төртінші айналымында отандасымыз Жасмин Паолини (Италия) мен Ива Йович (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін Юлия Путинцева бұл турнирде үшінші айналымнан әрі аса алмаған.

Аталған матчқа Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Аустралияда тұратын 20-дан астам қазақстандық жанкүйер келіп, спортшымызға қолдау көрсетті.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар