Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 84-ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан WTA 125 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың үшінші нөмірлі теннисшісі ретінде тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда әлемдік рейтингте 93-орында тұрған аустриялық Синья Краусмен кездесті.
Матч екі сетке ғана созылып, Путинцева 6:2, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бір сағат 16 минутқа созылған кездесуде Юлия екі эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал Краус екі эйс орындап, бес брейк-мүмкіндіктің біреуін ғана тиімді жүзеге асырды.
Енді финал жолдамасы үшін Юлия Путинцева кезінде әлемнің екінші ракеткасы атанған, қазір WTA рейтингінде 141-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған