Юлия Путинцева Ноттингемдегі турнирдің іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Англияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іріктеу турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Ұлыбритания өкілі Алисия Дадниге қарсы кортқа шықты. Рейтинг бойынша фаворит саналғанына қарамастан, Юлия Путинцева қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады.
Кездесу екі сетке ғана созылып, британдық теннисшінің 6:1, 6:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтың жалпы ұзақтығы 1 сағат 5 минут болды.
Осы нәтижеден кейін Юлия Путинцева жарысты іріктеу кезеңінде аяқтап, турнирдің негізгі кестесіне жолдама алу мүмкіндігінен айырылды.
Айта кетейік, Ноттингемдегі WTA 250 турнирі 15-21 маусым аралығында шөп жамылғысында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 283 мың АҚШ долларынан асады.
Фото: Андрей Ударцев/КТФ
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған