Юлия Путинцева не үшін Қазақстан атынан өнер көрсетуді таңдағанын айтты
Теннисші Юлия Путинцева Қазақстан құрамасы үшін ойнауға шешім қабылдаудың себептері туралы әңгімеледі. Спортшы бұл таңдау өз өміріндегі ең ауыр шешімдердің бірі болғанын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Юлия Путинцева Олимпиада ойындары сайтына берген көлемді сұхбатында қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы туралы ойын бөлісті.
"Ең алдымен, маған назар аударғаны үшін Қазақстан теннис федерациясына тағдыр қосқан қолдау ретінде әлі күнге дейін шексіз ризамын. Қазақстан туы астына өтер алдында алдында қиын таңдау тұрды: АҚШ-тағы университетке барып, студент ретінде ойнау немесе кәсіби мансабымды жалғастыру. Ата-анам мені толықтай қаржыландыра алмады, себебі кіші інім де хоккеймен айналысты. Ересектер теннисіне сапалы өтудің өзі үлкен шығынды талап етті. Егер Қазақстанның көмегі болмағанда... айтарым, федерация әлі күнге дейін мені жан-жақты қолдап келеді. Тек корт пен оқу-жаттығу жиындары емес, моральдық тұрғыдан да. Олар үнемі хабарласып, жігер беріп отырады. Бір нәрсе сәтсіз болса да, қолдауларын аямайды — мұны өте қатты бағалаймын!» - деді Путинцева.
Спортшы Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогын жеңіп алу мүмкіндігі туралы да пікір білдірді.
«Шын жүректен айтайын: біздің Билли Джин Кинг кубогын ұтып алу мүмкіндігіміз мол. 2025 жылы сәл сәттілік жетпеді. Ширек финалда Эмма Наварроға екі матчболдан ұтылып қалдым. Егер АҚШ құрамасын жеңгенімізде, кейінгі кезеңдер әлдеқайда жеңілірек болар еді. Дегенмен, біз мықты командамыз. Қазақстан үшін бұл трофейді алу - келер маусымдағы басты мақсаттардың бірі. Айта кетейін, ел намысын қорғау маған ерекше ұнайды, және ұлттық құрама үшін әрқашан барымды салып ойнаймын», - деді Путинцева.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған