Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды
Әлемдік рейтингте 79-орында тұрған және турнирде жетінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу кезеңінен өткен германиялық Мона Бартельмен (WTA рейтингінде 223-орын) кездесті.
Кездесу екі сетке созылып, Путинцеваның 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңісімен аяқталды.
Матч 1 сағат 58 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Юлия екі эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ, ол брейк жасауға берілген 10 мүмкіндіктің алтауын сәтті пайдаланды.
Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымына шығып, келесі кезеңде әлемнің 97-ракеткасы, Мажарстан өкілі Анна Бондарьмен кездеседі.
Фото: Ашық дереккөзден