457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юлия Путинцева Брисбендегі жарысты сәтсіз аяқтады

Брисбендегі бұл турнир Australian Open–2026 алдындағы маңызды дайындық жарыстарының бірі саналады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Австралияда өтіп жатқан беделді WTA турнирін сәтсіз аяқтады.

Хард төсенішіндегі WTA турнирінің 1/16 финалында, Брисбен қаласында әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Украина өкілі, әлемдік рейтингте 26-орында тұрған Марта Костюкпен кездесті.

Матч 1 сағат 52 минутқа созылып, үш сетте украиналық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 6:7 (5:7), 6:1, 6:0.

Айта кетейік, алғашқы сетте есепте алда болған Путинцева кездесуді жеңіске жете алмады. Екінші және үшінші сеттерде қазақстандық теннисші ойынын таба алмай, матчты іс жүзінде «құрғақ» есеппен аяқтады. Соңғы сет «баранкамен» тәмамдалды.

Бұл – қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі. Осы жеңістің арқасында Марта Костюк жеке кездесулердегі есепті ашты.

Енді келесі кезеңде украиналық спортшы Биррелл – Анисимова жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

Айта кетейік, Брисбендегі бұл турнир Australian Open–2026 алдындағы маңызды дайындық жарыстарының бірі саналады.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы